ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Уақыты: 30.11.2021
Оқылды: 1497
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алакөл ауданында «Көркем-2» балабақшасы ашылды. Алдағы уақытта жекеменшік балабақшада 150-ден астам бала тәрбиеленетін болады. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөлеген салтанатты шараға Алакөл ауданының әкімі А.Абдинов қатысты.

«Көркем-2» балабақшасының ерекшелігі көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын тегін қамтамасыз етеді. Балабақшаның ашылуына ұйытқы болған құрылтайшы А.Ортабаева жұртшылыққа өз ризашылығын білдірді.

Екі қабатты ғимаратта балаларға сапалы тәрбие берумен қатар ой-өрістерінің өсуі мен білімді болып ер-жетуіне септігін тигізу мақсатында арнайы логопед, психолог және басқа мамандар қызмет көрсететін болады. Сонымен қатар, мекеме ішіндегі балалардың ойын алаңына да ерекше көңіл бөлінуде. Мекеменің басты бағыты бүлдіршіндерге тек тәрбие беріп қана қоймай, олардың спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануына да мүмкіндік жасалады.

Балабақша 50 маманды жұмыспен қамтуды жоспарлауда. 2 мен 6 жас аралығындағы балаларды қабылдайтын орынның бағасы да қолжетімді. Жалпы, ауданда 20 балабақша бар. Оның ішінде жекеменшік сегіз балабақша бүлдіршіндерді қабылдауда.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"