БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚАТЫСТЫ РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Уақыты: 30.08.2022
Оқылды: 1396
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жетісу облыстық білім басқармасы оқушыға берілген үлкен өлшемдегі мектеп формасын ауыстырып берді.

Бұған дейін оқушының анасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, қызына берілген мектеп форманың шамадан тыс үлкен екендігіне шағымданған еді. «Кербұлақ ауданы Нұрым ауылының 4-сынып оқушысы жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек алатын оқушылардың тізімінде болмаған. Анасының өтінішіне байланысты мектеп формасы берілген, оқушыға өлшемі үлкен болған. Бүгінде форма ауыстырып берілді», - делінген басқарма хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"