Талдықорғанда ретро-концерт өтті

Уақыты: 25.09.2023
Оқылды: 685
Бөлім: РУХАНИЯТ

Облысымызда қала күніне орай түрлі іс-шара өтуде. Өнер, спорт, білім саласынан  байқау мен сайыстардың өткенін көрдік. Осы орайда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында «Ән жүректе мәңгі қалады» атты ретро-концерті өтті.

Аталған кештің қонағы ретінде келген қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева өнер көрсетіп, көрермен көңілін өткен жылдардағы ғажайып әндермен асқақтатып, рухани шөлін басқандай көрінді. Бұдан бөлек Жетісудың жас өнерпаздары да ескі әнмен кеш көрігін қыздырып, халық қошеметіне бөленді.

Заманында алдыңғы буын аға-әпкелеріміздің, ардақты ата-аналарымыздың айнымас әніне, жанының серігіне, жүрегінің үніне айналған әсем әндердің тыңдарман үшін әсері мол болды. Сазы мен сөзі жарасқан ғажайып туындылар өткеннің естеліктерін жаңғыртуға, кешегі күнді көз алдына келтіруге сеп болғандай, сабаққа жиналған үлкендерді үздіктіргендей көрінгенін жасыра алмаймыз. Шынында ата-әжелеріміздің сүйікті әндері шырқалғанда көрермен 80-90 жылдарға тап болғандай тебіренген-ді. Оны әншілермен бірге әнді қосылып айтқанынан байқадық.

Көкірегін саз кернеген қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов сынды талантты композиторларымызың, шетелдің үздік рэтро әндері шырқалған кеш өз деңгейінде өрнек тапты. Бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған саз сыйқырына бөленген көпшілік осынау ғажайып шарадан үлкен әсер алып, рухани сусындап, тебіреніспен тарқасты.

Айғаным АЙТМҰХАН
Суретті түсірген Руслан Қадіров