Қаныш Сәтбаев пайдаланған "итальяндық" баспа машинасы табылды

Уақыты: 27.10.2023
Оқылды: 950
Бөлім: РУХАНИЯТ

Баянауыл ауданынан геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаев қолданған баспа машина табылды. Құнды жәдігерді профессордың жерлестері көздің қарашығындай сақтап келген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Хабар 24" таратқан ақпаратта 1926 жылы академик туған жеріне барғанда сырқаттанып қалады. Сол кезде баянауылдық фельдшер-дәрігер Лионтий Бельдининовтің үйінде жатып, емделеді. Экспонатты фельдшердің ұрпақтары табыстаған. Машина ХХ ғасырдың басында Италияда жасалған деген мәлімет бар екенін айтылады.

Мамандардың айтуынша, бұл баспа машинасымен Қаныш Сәтбаевтің досы, жазушы Александр Черкашин бірнеше кітап жазған.

"Сол фельшердің үйінде емделген делінеді. Яғни ол кезде дәрі-дәрмекпен, қымызбен болса да солай. Сонда баспа машинкасын Қаныш Имантайұлы әкелген делінеді сол үйге ол үйге. Кейінен осы баспа машинкада Черкашиннің өзі үш кітап жазған, басқан", деді Әдебиет және өнер музейінің қор сақтаушысы Мейрамғали Есмұханов