Музей қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша?

Уақыты: 27.10.2023
Оқылды: 2824
Бөлім: РУХАНИЯТ

Елімізде музей қызметкерлерінің орташа жалақысы аталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Bugin.kz сайтының ақпаратына сүйеніп.

"Бүгінде елімізде 270-тен астам музей бар. Музейге қатысты мәселенің бірі — кадр. Маман жетіспеушілігі бар, кадр даярлау керек. Музей ісін түсінетін, тарихи, мәдени ескерткіштер мен мұраларды ажыра алатын маман болған жөн. Қазіргі уақытта музей қызметкерлерінің орташа жалақысы 200 мың теңге", - деді Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева елордада өтіп жатқан музей қызметкерлерінің І конгресі барысында.

Оның айтуынша, елімізде музей ісі жыл сайын дамып келеді.

"Бүгінде музей ісіне жастардың қызығушылығы артып келеді. Қазір біздің музейде 20-дан астам жас маман бар. Бұл елорда бойынша, ал өңірлерде жағдай басқаша. Ұлттық музейде 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді", - делінген баяндама.

Фото: ғаламтордан алынды