Қазақстан тарихы: көне заманнан бүгінгі күнге дейін

Уақыты: 19.12.2023
Оқылды: 794
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің Көлеңке театры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қойылымын ұсынды.

Зияткерлер егеменді елдің қалыптасу тарихындағы маңызды оқиғаларды көрсетті.

Қазақ халқының қиын-қыстау жолы, ұлтаралық достық және талантты жастары бар қазіргі Қазақстан туралы елеулі оқиғалар театр төрінен орын алды.

— Ел егемендігі халықтың алға қойған мақсатына жету жолындағы табандылығын айғақтайды. Бұл ұзақ және қиын жол еркіндікті бағалаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Біз, жас ұрпақ, Қазақстанның болашағымыз. Біз оны құруға және қорғауға, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға тиіспіз! — деді Санжар Рашидұлы, 11 сынып оқушысы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының президенті.

"Жетісу-Ақпарат"