АЛАКӨЛДІК КӘСІПКЕР АУРУХАНАҒА ТЫНЫС АЛДЫРУ АППАРАТТАРЫН СЫЙЛАДЫ

Уақыты: 19.08.2020
Оқылды: 1234

Алакөл ауданының кәсіпкерлері 20 жасанды тыныс алу аппаратын ауруханаға сыйға тартты.

- Бүгінде аудан кәсіпкерлері мен қайырымды азаматтар дертке шалдыққан науқастарға қолдау көрсетіп, бұл сынақты еңсеруге өздерінің зор үлестерін қосуда. Осындай жомарт жүректі жандардың бірі - «Ырыс« ШҚ мен «Айманбетов« ЖК басшысы Рыскелді Айманбетов аудандық ауруханаға жалпы құны 5 миллион теңге тұратын 20 жасанды тыныс алу аппаратын сыйға тартып, ауруға шалдыққандарға көмегін тигізсін деген тілегін білдірді, - дейді Алакөл ауданының әкімі Әлибек Жақанбаев.

Айта кетейік, Алматы облысында індетті жұқтырғандардың жалпы саны 5 мыңға жуықтаса, оның 4 мыңнан астамы жазылып шықты. Қырықтан аса адам көз жұмған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"