ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ ВАКЦИНА АЛҒАНДАРҒА ТӨРТ ТҮРЛІ ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙДЫ

Уақыты: 06.08.2021
Оқылды: 1309
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ел ішіндегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігі вакцинациялаудың маңызын арттырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа оқу жылына дайындық және оны дәстүрлі режимде өткізу, сондай-ақ, COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу және одан әрі таратпау жөнінде мемлекеттік орындарға бірқатар міндет қойғаны белгілі.

Осы міндетті іске асыру мақсатында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері, профессорлық оқытушылық құрам және қызметкерлер арасында вакцинация жүргізу бойынша шаралар кешенін әзірледі. Кешеннің жоспары бойынша университетте ақпараттық-түсіндіру, санитарлық-эпидемиологиялық, сараптамалық-мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Оның аясында вакцинациялауға қатысты бейінді мамандар мен медицина қызметкерлерінің, ғалымдардың қатысуымен брифингтер өткізіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, қызметкерлерді қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету арқылы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жолға қойылған.

Университетте жұмыс істейтін әр адам, оқитын әр білімгер университеттің медициналық пункті арқылы вакцина алуға өтінім бере алады. Бұған қоса вакцинацияның екі компонентін алған профессорлық оқытушылық құрам мүшелері мен қызметкерлерге, білім алушыларға Студенттер үйінде тұру үшін жасалатын төлемнің 3 айына жеңілдік жасалып, шетел тілдері курсын, IT-біліктілігін, IELTS/TOEFL бойынша сертификаттық емтиханға дайындықты тегін оқуға мүмкіндік туады.

Айта кету керек, университет «Ashyq» жобасын осы жылдың маусым айынан бастап іске қосқан.

Жетісу университетінің медиа орталығы