АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКПЕ САЛДЫРҒАНДАР САНЫ ЖАРТЫ МИЛЛИОННАН АСТЫ

Уақыты: 06.08.2021
Оқылды: 1094
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгінге дейін Алматы облысында коронавирустың зертханалық расталған 33 959 жағдайы тіркелген. Ал соңғы тәулікте 300 адам індет жұқтырғаны анықталып отыр. Сондай-ақ, өңірге жыл басынан бері вакцинаның 1 компонентінен 634 255 доза келіп түсті.

Оның ішінде, Гам ковид вак-тан 553 745, Хayat Vax-тан 39 500, QazVac-тан 13 010, Коронавактан - 28 000 доза әкелінген. Осы уақытқа дейін Алматы облысында бірінші компонентпен 572 169 адам егілді, екіншісі 425 171 адамға салынды. Вакциналанғандар арасында мемлекеттік қызметкерлер – 11 943, медицина қызметкерлері – 23 406, педагогтар – 38 357, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 4486 және басқа да қызмет салаларының өкілдері - 447 425 адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"