КҮН КҮРКІРЕЙДІ, ҰЙЫТҚЫҒАН ЖЕЛ СОҒАДЫ: АЛДАҒЫ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 09.08.2021
Оқылды: 1039
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты тағы бір ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуі негізінде 9 тамыз күні Алматы облысында күн күркірейді, батыстан ұйытқыған жел соғады, желдің екпіні 18-23 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ, Іле Алатауы мен Жетісу Алатауында жаңбыр жауып, кей жерлерінде күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні таулы аймақтарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"