ҚАПШАҒАЙ ЖАҒАЛАУЫНДА ТӨРТ ЖАСАР ҚЫЗ АТА-АНАСЫНАН АДАСЫП ҚАЛДЫ

Уақыты: 09.08.2021
Оқылды: 1124
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының құтқарушылары Қапшағайда жоғалып кеткен қыз баланың анасын тапты. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеше сағат 14:40-та Қапшағай су қоймасындағы құтқарушыларға куәгерлер кішкентай қыз баланың ата-анасын таппай жылап жүргенін хабарлады. «Құтқарушылар төрт жасар қыздың анасын шамамен 30 минуттай іздеді. Жағалаудағы күркеде демалып отырған ата-анасы қызының жоғалғанын байқамай да қалған. Құтқарушылардың: «Балаңызды жоғалтып алған жоқсыз ба?» - деген сұрағына әуелі жоқ деп жауап берген олар көп ұзамай, қызының жоқ екенін айтқан», - деп атап өтті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент қызметкерлері ересектерді балаларын, әсіресе, су маңында қараусыз қалдырмауын сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"