ҚАТТЫ ЖАУЫН САЛДАРЫНАН ЖОЛАМАН АУЫЛЫНЫҢ БІРНЕШЕ КӨШЕСІН СУ БАСТЫ

Уақыты: 16.08.2021
Оқылды: 792
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданының Жоламан ауылында қатты жауын салдарынан бірнеше көшені су басты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 15 тамызда шамамен сағат 14.30-да Жоламан ауылында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан Жоламан ауылының шетіндегі бірнеше көшелер мен автожолдарды су басты.

Зардап шеккендер, қираған нысандар жоқ. Қазіргі уақытта жаңбыр тоқтап, су деңгейі төмендеді, жағдай тұрақталды. Естеріңізге сала кетейік, 14 тамызда Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті 15-16 тамызда Алматы облысының тауларында және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деген болжамға байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі және көлбеу ағындар болатыны туралы SMS-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ, БАҚ арқылы дауылды ескерту таратқан болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"