АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗ ТОҒЫЗ КҮННЕН КЕЙІН ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 05.09.2021
Оқылды: 1114
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында 17 жастағы қыз тоғыз күннен соң табылды. Жасөспірімді іздеуге Алматы облысынан бөлек Алматы қаласының да полицейлері жұмылдырылды.

25 тамыз күні із-түзсіз жоғалып кеткен қызды полицейлер Алматы қаласынан тапқан. Бірақ оның 9 күн бойы қайда болғаны, не істегені белгісіз. Тек Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеуде болған баланың Алматыда екенін Ескелді ауданының полицейлері анықтаған. «Алматы облысының полицейлері іздеуге қатысқан барлық еріктілерге алғыс айтады. Қыз баланы тәртіп сақшылары ата-анасына апарды», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды