АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КҮН КҮРКІРЕП, НАЙЗАҒАЙ ТҮСУІ МҮМКІН - АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Уақыты: 22.05.2022
Оқылды: 1369
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК-ның ескертуінің негізінде Алматы облысының тауларында және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауады, дауыл соғады, бұршақ түседі. Сондай-ақ, күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстын жел соғады, желдің екпіні 29 м/с-қа дейін жетеді. Айта кетейік, дәл осындай қолайсыз ауа райы 18, 19, 20, 21 мамыр күндері де қайталанды. Бұл күндері де оңтүстік-шығыстан секундына 18-24 метрге дейін жететін боран соққан еді.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстанып жүруге шақырады. Ауа райына назар аудармаудың, сақтық шараларын ұстанбаудың салдары өлімге немесе жарақат алуға әкеліп соғуы мүмкін.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"