ТАЛДЫҚОРҒАН МАҢЫНДА ПОЙЫЗ БЕН АВТОКӨЛІК СОҚТЫҒЫСТЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 09.09.2022
Оқылды: 1367
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласының маңында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам зардап шекті.

«8 қыркүйек күні таңертең пойыз бен "ВАЗ-2109" жеңіл көлігі соқтығысты. Аталған факт Ескелді ауданында тіркелді. Анықталғандай, жеңіл көліктің 35 жастағы жүргізушісі локомотивтің таянып қалғанына қарамастан, теміржол өткелінен жылдам өтіп кетпек болған. Автокөлікті пойыз 15-20 метр жерге дейін сүйреген. Көлік салонында болған үш адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция мәліметінде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"