ҚОНАЕВТАҒЫ ОЙЫНХАНАЛАР БАСҚА АЙМАҚҚА КӨШІРІЛЕ МЕ? ӘКІМ ЖАУАБЫ

Уақыты: 12.11.2022
Оқылды: 989
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қонаевтағы ойынханалар өңірдің дамуына еш кедергі келтірмейді. Мұндағы ойынхананың бәрі заңды жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ойынханаға деген көзқарасты өзгерткеніміз жөн.

Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Alataunews.kz тілшісі Ақерке Жұмағазықызының: "Ойынханалар көшіріле ме?" - деген сұрағына осылай жауап берді.

Әкімнің айтуынша, ҚР Президентінің үкімімен Қапшағай қаласының атауы өзгертіліп, Алматы облысының орталығы мәртебесі берілген соң: «Қала имиджіне ойынханалар кері әсерін тигізіп жатыр», - деп шағымданатындар көбейген.

- Қазіргі таңда Қонаев-Алматы тас жолының бойында 15 ойын бизнесі ғимараты орналасқан: 5 казино, 4 слот-зал, 6 букмекерлік кеңсе. Әкімдіктің мамандары жүргізген мониторинг нәтижесінде ойынханаларда 7,5 мың адам жұмыспен қамтылғаны анықталды. Бұдан бөлек, ойынханалар заңды түр қызмет көрсетіп жатқанын айта кеткен жөн, – деді Нұрлан Құматаев.

Оның айтуынша, ойын бизнесіне басқаша көзқараспен қарайтын уақыт келді. Себебі, дамыған елдердің мегаполистерінде ойынханалар бар. Аталған жайт қала дамуына еш кедергі келтірмейді.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"