ТАЛҒАРДА ДАУЫС БЕРУШІЛЕР ҚАТАРЫ ӘЛІ САЯБЫРСЫҒАН ЖОҚ - ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 843
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданы бойынша 154805 сайлаушы тіркелсе, сағат түскі 14.00-дегі мәлімет бойынша 52599 сайлаушы өз дауысын беріп, үлгерді. Қазір аудандағы 81 сайлау (2-жабық сайлау учаскесі) учаскесі бойынша сайлаушылардың дауыс беруі жалғасуда.

- Сайлау учаскесіне келушілер қатары әлі саябырсыған жоқ. Қайта түс ауа жиілеуде. Дауыс беру талапқа сай өтуде. Барлық сайлау учаскесі бойынша «Аманат» партиясы мен түрлі қоғамдық бірлестіктер және париялық емес ұйымдардан құралған 169 бақылаушы сайлаудың ашық та әділ өтуін қадағалауда. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдардан келген 4 бақылаушы да сайлаудың өту барысын жіті қадағалауда, – дейді Талғар аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Күләнда Лепесова.

Ұлбосын ИСАБЕКОВА

Талғар ауданы,

Алматы облысы