ТАЛҒАР АГРОБИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ САЯСИ НАУҚАНҒА 100 ПАЙЫЗ АТСАЛЫСТЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 1591
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Білімнің қарашаңырағы Талғар қаласындағы М.Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджмент колледжінде орналасқан №825 сайлау учаскесіне таңнан бері мың жарымға жуық сайлаушы барып, өз кандидаттарына дауыс берді.

- Биылғы Президенттік сайлаудың ел тағдыры үшін маңызы зор. Себебі, әлемде болып жатқан геосаяси ахуалға адамзат баласы алаңдаушылық білдіруде. Осындай алмағайып кезеңде еліміздің тыныштығын бұзбай, әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына ықпал етер басшыны таңдап, сайлау - өз қолымызда. Біз балаларымыздың, немерелеріміздің келешегінің кемел, бақытты өмір сүргенін қалаймыз. Бұл - халық таңдауы. Мен осы жолда сенімімді ақтар кандидатқа өз дауысымды бердім, - дейді аталған колледждің білікті ұстазы, кітапханашы Толқын Нұрмұханбетова.

Жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жауапты колледж ұжымының ұстаздары саяси науқанға 100 пайыз қатысып, тіркелген учаскелері бойынша өз таңдауларын жасады.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы,

Алматы облысы