СЕРІК САПИЕВ БАЛУАНМЕН БОЛҒАН ЕРЕГЕСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Уақыты: 27.02.2023
Оқылды: 1593
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Белгілі қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен төбелесуге аз қалған. Кейіннен чемпион болған келеңсіз жайтқа қатысты пікір бідлірді.

"Аралас жекпе-жектерде болып тұратын жағдай. Мен солай ойлаймын. Мұндай күресте, футболда да, бәр жерде болады. Бірақ ойыннан кейін бәрі дос болып қалу керек. Рингте мен қарсыластарымды аямаймын, бірақ жекпе-жектен кейін біз досыпыз", - деді боксшы. 

Белгілі болғандай, "Batyrball" атымен танылған спорттық ойын кезінде жас балуан Зелимхан Сәпиевті жерге қатты лақтырған. Тиісінше, мұндай болжанбаған әрекет олимпиада чемпионының шамына тиеді.

Сөйтіп, мұның соңы ерегеске ұласады. Екеудің өзара түсініспеушілігі төбелеске айналып бара жатқанда ойынға қатысушы басқа серіктері ажыратып алған. 

 

Фото: sports.kz