КӨПБАЛАЛЫ АНА: "МЕН ДЕ ӨЗІМНІҢ АЗАМАТТЫҚ ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАДЫМ"

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 815
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарыөзек ауылындағы нөмірі 189 участогіне келіп, дауыс берген көпбадалы ана Гүлназ Шакенова да өз таңдауын жасады.

Ол "Бизнес бастау" жобасы аясында мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант алып, Сарыөзек ауылынан өз кәсібінің ашқан. 

Бүгінгі сайлау мемлекет бағыты мен болашағын анықтайтын жауапкершілігі күшті кезең. Оған атсалысу әрбір қазақстандықтың парасатты борышы деп есептеймін. Қоғамның дамуы мен өркениетке қарай ойысуына сайлаудың маңыздылығы зор. Еліміз үшін маңызы зор сайлауға мен де өзімнің азаматтық үнімді қосып, таңдауымды жасадым.

Айгүл Байбосынова, 

Кербұлақ ауданы