«БЕС БАЛАМ МЕН НЕМЕРЕЛЕРІМДІ АЛЫП САЙЛАУҒА КЕЛДІМ»

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 900
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Үштөбе қаласында таңмен таласа жұмысын бастаған №150 учаскесінде 927 сайлаушы тіркелген.

Олардың 300-ге жуығы дауыс беріп, ерекше ықылас танытып отыр. Дауыс берушілердің қатарында Хасен-оглы Хусейннің де отбасы да бар. 

Тілі басқа болса да тілегі бір, елім деген Хусейн маңызды науқаннан қалмай әулетімен келіп дауыс берді. Олар  болашақты өзімізден бастауымыз керек дейді. 

- Бес балам мен немерелерімді алып сайлауға келдім. Бүгін бүкіл қазақстандық өз таңдауын жасап, жарқын болашаққа қадам басады деп ойлаймын. Сайлауға қатысу – болашағыңды таңдау. Саяси науқанда белсенділік танытып, еліңнің ертеңіне бейжай қарамау қажет, - деді отағасы.

Айдар Қалиев,
Үштөбе қаласы