КӨКСУЛЫҚТАР БЕЛСЕНДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 880
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейлі мәслихат  сайлауы таң бозынан басталғалы бері көксулықтар белсенді.

Қазірге дейін аудан халқының 38 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған.

Көксу ауданы бойынша жалпы 38 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ешқандай тәртіпбұзушылық орын алған жоқ және заңға қайшы оқиға тіркелмеді.  Қасиетті өлкенің жалпы халқының 26 034-ы өз таңдауын жасауға құқылы десек, оның ішінде науқанға алғаш рет қатысып, өз таңдауын жасаған әрі 18 жасқа енді толған 145 азамат бар.  Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың саны 51 адамды құрайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»