«ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАУ — АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМ»

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 1041
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Парламент Мәжілісі және маслихаттар сайлауына алғашқылардың қатарында отбасымен келгендердің бірі — қарт ұстаз, аудандық ардагерлер, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағасы Аманкелді Айтбаев. 

Елдегі саяси ақпаратқа қанық жан «Ел болашағы үшін таңдауымды жасауды — азаматтық парызым» деп санайды. Сол себепті сайлау учаскесіне жолдасын, баларын, немересін ерте келген. 

Өз таңдауын жасаған Аманкелді Айтбаев: «Сайлауға қатысу әр тұрғынның елі үшін жауапкершілікті сезінуін көрсетеді. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін. Бірлігі жарасқан ел әрқашан мықты, болашағы жарқын болады.», — дейді.

Аудан орталығында 3 сайлау учаскесі болса, соның бірі Е.Сихымов мектеп интернатында орналасқан №3 сайлау учаскесінде дауыс беру жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлауышылар таңмен таласа келуде.

Гүлжан Тұрсын,
Ақсу ауданы