АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 805
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанның кемел келешегі, өскелең ұрпақтың баянды болашағы үшін Ауған соғысының ардагерлері Үштөбе қаласындағы №137 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады.

Сайлауға келген Қаратал ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Болат Бейсенбаев

 - Бүгін біз Ауған соғысы ардагерлері өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен сайлауға толық жиналдық. Себебі бұл біз үшін аса маңызды күн. Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердік, - деді майдангер.

Қоғамдық іс-шаралардан шет қалмайтын ардагерлер бүгінгі сайлау Қазақстан дамуына үлкен өзгерістер әкелетініне сенімді.

Айдар Қалиев,
Қаратал ауданы