Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

Уақыты: 05.04.2023
Оқылды: 890
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы 7-su.kz  желілік басылымы Ақорданың баспасөз қызметі дерегіне жүгіне отырып хабарлайды. 

"Мемлекет басшысының жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Асхат Жұмағали бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 

Фото: ашық дереккөзден 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ