Қызық. Биыл 3,8 миллиардқа жуық қаржыны шегіртке "жеп" қоймақ

Уақыты: 05.04.2023
Оқылды: 999
Бөлім: КҮНДЕРЕК

БАҚ-та биыл көшпелі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд. теңге бөлінгені айтыла бастады. Тіпті, мамандар болжамын алдағы уақытта табиғат өзі "растар" болса, шегірткеңіз 1,6 млн. гектар аумаққа таралуы мүмкін.

Ең қызығы, Түркістан облысында мароккалық шегіртке нәсілі пайда болған. 

Бүгінгі таңда Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланып отыр, - делінген ресми хабарламада.

Қазір 385,3 мың га. алаңда пестицидтердің қажетті қоры қалыптастырылған. Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді дейді ресми ақпарат.

Бұндай маусымдық ірі науқан көршілес мемлекеттерді де "ұмыт" қалдырмаған. 

Яғни, шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстанның АШМ-ның мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен алдын ала келісіліпті. 

Қ. ӘБДІҒАПАР