108 миллиард теңге көлеміндегі шығын қайтарылған

Уақыты: 05.04.2023
Оқылды: 731
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен кеңес өткізіп, бірқатар міндет жүктеді, - деп хабарлайды  7-su.kz желілік басылымы Ақорда дерегін негізге алып.

Президент кеңесте жаңадан тағайындалған төраға Асхат Жұмағалиды таныстырып, бұрынғы төрағасы Олжас Бектеновке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген шараларды толық жүзеге асыру керектігін атап өтті.

Тоқаев бұл ретте  тергеу жұмыстарының нәтижесінде Агенттік құны 108 миллиард теңге көлеміндегі шығынды қайтара алғанын айта отырып, керісінше бұл көрсеткіштің  өткен кезеңдерде жемқорлық қаншалықты асқынғанын көрсететінін ескерткен.

Фото: Ақорда

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ