"Әрине қолдаймын": Елімізде шетелдіктермен некеге тұрғандарға салық салу ұсынылды

Уақыты: 05.04.2023
Оқылды: 1014
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты Қарақат Әбден елімізде шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігі дерегін негізге алып хабарлайды.

Қарақат Әбден аталған мәселе бойынша журналистердің қойған сауалына жауап бере отырып, ұсынысты қолдау үшін жұмыс істейтінін айтты.

"Осы кезге дейін айтқандарымның бәрін, барлық идеяларымды, көтерген барлық мәселелерді кейінгі қызметімде де жалғастырамын.Қазір айтып отырған шетелдіктермен некеге тұруға салық салу ұсынысын әлі де ашу керек. Қалай жүргізілетінін түсіндіру керек. Неге енгізбеске? Әрине қолдаймын" – деді Әбден.

Фото: ашық дереккөзден

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ