Мемлекет басшысы Бауыржан Тортаевты қызметінен босатты

Уақыты: 06.04.2023
Оқылды: 799
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Президент Тоқаев Бауыржан Тортаевты қызметінен босатты, - деп хабарлайды "7-SU.KZ"  желілік басылымы Ақорда дерегіне жүгініп.

"Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Қадырұлы Тортаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетнейік, Бауыржан Тортаев 2019 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ