Ауа сапасы нашарлайтын қалалар тізімі айтылды

Уақыты: 25.04.2023
Оқылды: 559
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Ресми мекеменің дерегінше, 25 сәуірде Ақтөбе қаласында, түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмақ. Өзге қалаларда бір қалыпты жағдай сақталады.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ