Оқиға орнында көз жұмды: Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті

Уақыты: 04.05.2023
Оқылды: 798
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қайғылы оқиға кеше Талдықорған қаласының Көктал шағын ауданында орын алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Онда 3 жасар бала «ГАЗ-53» жүк көлігінің астында қалып, оқиға орнында қайтыс болды.

Жүк көлігін 43 жастағы ер адам басқарған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтауда, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.