Шылымнан жыл сайын 8 миллионнан астам адам көз жұмады

Уақыты: 01.06.2023
Оқылды: 622
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жастардың электронды темекіге тәуелділігі қоғамның ауыр дертіне айналды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйенсек, шылым шегу салдарынан жыл сайын жаһанда 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Ал елімізде шылымның кесірінен 18 мыңға жуық адам көз жұмады.

Кейінгі жылдары вейп құрылғысы (электорнды темекі)  жасөспірімдер арасында танымал болда бастады. Қазір дәстүрлі темекіге қарағанда JUUL бренді сияқты электронды темекіні көбірек пайдаланады. Жастарға оны сатуға және жарнамалауға шектеу қою жұмысы өз деңгейінде орындалып жатқан жоқ.

Электронды темекіні тартқан кезде ыстық никотин сұйықтығынан шығатын буды жұтады. Никотин – тәуелділікке әкеліп соғады. Ал ол  жасөспірімдердің зейінін шоғырландыруды қиындатады. Электрондық темекіде қатерлі ісік тудыруы мүмкін химиялық заттар да бар және өкпе  ауырын тудырады. Сонымен қатар,  жасөспірімдердің кәдімгі темекі шегуді бастау ықтималдығын арттыруы мүмкін.

Әдеттегі темекіден айырмашылығы – электронды темекіде күшті иіс жоқ, бұл балаларға шегуді жеңілдетеді. JUUL және басқа да танымал вейп  брендтерінің қаптамалары мен хош иісі кімді болмасын қызықтырады. Сондықтан темекі тартпайтындар да оған әуестенуі мүмкін.

Балаңыздың болашағына  алаңдасаңыз, алдымен қарапайым әңгімеден бастаңыз. Мектептегі басқа балалардың вейпті қолданатынын және бұл туралы не ойлайтынын сұрап көріңіз. Сол арқылы сіз оған зиянын түсіндіре аласыз. Егер балаңыз эелектронды темекіге  тәуелді болса, міндетті түрде нашақорлыққа қарсы маманға барыңыз.

Нұрила Кариманова,
Жетісу университетінің гуманитарлық факультеті,
журналистика кафедрасының студенті.