Бүгінгі ауа сапасы нашарлайтын қалалар аталды

Уақыты: 06.06.2023
Оқылды: 485
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ауадағы зиянды заттардың шоғырлануынан 6 маусым күні ел аумағындағы бірқатар қалаларда ауа сапасы нашар болуы мүмкін.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы «Қазгидромет» РМК ұсынған болжамға сүйеніп хабарлайды.

Айталық, 6 маусымда Өскемен, Семей, Риддер, Алматы, түнде Астана және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанған.

Анықтама: Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Фото: ашық дереккөзден