"Бейбіт жолмен шешуге қабілеті бар еді": Тоқаевтың сыныптастары естеліктерін айтты

Уақыты: 06.06.2023
Оқылды: 969
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматыдағы №25 мектеп туралы "Түлектер. Уақыт капсуласы" деректі фильмі жарыққа шықты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы tengrinews.kz дерегіне сүйеніп. 

Аталған Фильмде сол жылдары бітірген мектеп түлектерінің, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыныптастарының естеліктері назарға алынған. Сыныптасы Андрей Антоненко болса Тоқаевтың сол кездің өзінде мәселе туындаса, бәрін бейбіт жолмен шешуге қабілеті бар еді дейді. 

"Егер қандай да бір дау туындаса, оның бәрін бейбіт жолмен шешуге қабілеті бар еді... (Бірде көшеде бір оқиға болды) Біз үшеуміз, ал олар төртеу еді. Қалыптасып қалған қағидаға сай олар "жігіттер, темекі бар ма?" деп бастады.   Біз шекпейтінбіз. Артынша Жомарт сөйлей бастады. Бір сәтте біреуі тиісіп бастады. Бірақ біз де, әлгі жігіттер де оңбай таяқ жеді. Жомарттың соққылары қатты болатын. Ол үстел теннисімен айналысатын", - деп есіне алды Андрей Антоненко.

Ал Земфира Шахова, Майя Каплан қатарлы сыныптастары болса бір ауыздан оның сыпайы болғанын айтады. 

"Ол сыпайы болды, бәрін сыйлайтын, ешкімді ренжітпейтін. Онымен сөйлесу әрқашан өте жағымды болатын. Тақтада біреу жауап бергенде, өте мұқият тыңдайтын. Ол басқаларды қатты уайымдап жүретін. Әрқашан адамдарға қамқорлықпен қарайтын", - дейді сыныптастары.

Бұдан бөлек, фильмде Президенттің курстастары Қасым-Жомарт Тоқаев пен екі курстасын Мәскеуге оқуға шығарып салу туралы естеліктерін де жеткізеді.


"Біз жиналып, бір бөтелке шампан алдық. Қазір қалай сонда деп деп ойлаймын. Алаңның жанында ескі әуежайдың ғимаратын бөліп тұрған қоршау бар еді. Біз сол жерге бардық. Бір бөтелке шампан, кішігірім стақандар әкеліп, шампанды ашып, бәріміз іштік. Кейін ол ұшаққа отырып, кетті. Содан бері әрқайсысымызда басқа өмір басталды", - дейді Вячеслав Константинов.

Тарихи естелікке толы деректі фильм Президенттің жас кезіндегі бірқыдыру кадрлармен таспаланған. 
 

"2024 жылы мектепке 100 жыл толады. Қасым-Жомарт Тоқаев оқыған сыныптың достастығы мықты еді. Аттестат беру кітабын қарадық, менде ведомства бар. 18 алтын медаль, оқу үлгерімі қандай болғанын елестетіңізші", - дейді мектеп директоры Ғазиза Оманбай.

Фото: деректі фильмнен