"Жүргізушісі рульде ұйықтап кетіп": Жетісу облысында жеңіл авто жүк көлігінің астына кіріп кетті

Уақыты: 08.06.2023
Оқылды: 551
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында жеңіл авто жүк көлігінің астына кіріп кетіп, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысында «МАN» жүк көлігі мен «Volkswagen Passat» жол-көлік оқиғасына ұшырады.

«Оқиға бүгін (кеше - ред.) «Алматы-Өскемен» тасжолының 466-шақырымында болды. Болжам бойынша, жеңіл көліктің 42 жастағы жүргізушісі рульде ұйықтап кетіп, қарама-қарсы жолда тұрған жүк көлігінің астына кіріп кеткен», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ауруханаға бес адам жеткізілді. Олардың екеуі ауыр жарақат алған. Медициналық тексеруден кейін үш жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді.

Екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Фото: © Polisia.kz