Бүгіннен бастап Telegram-ды қазақ тілінде қолдануға болады

Уақыты: 30.06.2023
Оқылды: 639
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақ тілі Telegram тілдерінің тізіміне ресми түрде енгізілді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ресми дереккөзге сүйеніп. 

 

Ресми дереккөзде бүгін Telegram әлеуметтік желісінің тілдік параметрлеріне мемлекеттік тіл ресми түрде енгізілгені хабарланды.

Қазақ тілін iOS және Android жүйелерінде, сондай-ақ қосымшаның веб-нұсқасында қолдануға болады.

Тілді өзгерту үшін параметрлерге өтіп, «тілді» таңдап, Kazakh тілі батырмасын басу керек.

Фото: көрнекілікке алынды