ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЖОЛ-КӨЛІК АПАТЫНАН 58 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 01.07.2023
Оқылды: 786
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жыл басынан бері өңірде 200 жол-көлік апаты тіркеліп, 58 адам қаза тауып, 289 адам жарақат алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Оның басты себептерінің бірі – жүргізушілердің жылдамдықты шектен асыруы.

Осыған байланысты полиция автожолдарда патрульдеуді айтарлықтай күшейткенін хабарлады. Ең алдымен, республикалық маңызы бар жолдарда апаттар мен адам өлімінің алдын алу мақсатында «КРИС-П» фоторадарлық жылжымалы кешендер іске қосылды.

Сол себепті жүргізушілер тәртіп сақшыларының іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін және рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтауы тиіс.

Фото: көрнекілік үшін