Грант иегері атану үшін білу керек маңызды нәрселер

Уақыты: 03.07.2023
Оқылды: 647
Бөлім: КҮНДЕРЕК

 Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев грант иегері атану үшін білу керек маңызды нәрселерді айтты.  

Руслан Емелбаев грант конкурсы сәттілік лотореясы емес екенін атап өтті.

"Грант иегері атану үшін бірнеше маңызды нәрсені білу керек. Атап кетсем: Құжаттарыңыздың түгел және дұрыс болуын қадағалаңыз. Ұқыптылық маңызды.
Мақсатқа жету мүмкіндіктерін арттыру үшін қай білім беру бағдарламасы тобына қанша грант бөлінгенін білу қажет. Грант тізімін testcenter.kz сайтында жарияладық. ЖОО таңдау үшін олардың шекті балдарымен танысу қажет. Ақылы бөлімге және грант конкурсына қатысуға ЖОО-лардың белгілеген балдары біздің сайтта және телеграм-арнамызда орналастырылған.
Өткен жылғы мәліметтермен танысыңыз. Арнайы сіздер үшін жақында testcenter.kz сайтында бейіндік пәндер комбинациялары бойынша 2022 жылғы конкурс нәтижелерін жария еттік.
Грант конкурсында 4 мамандық пен 4 жоо таңдағанда, алдымен армандаған мамандығыңызды белгілеңіз. Жүрегіңізді тыңдаңыз", - дейді ҰТО директоры. 

Ал қалғанын грант конкурсына қатысушылардың саны шешеді. 

Дереккөз: Massaget.kz 

Иллюстративное фото: © news.myseldon.com​​​​​​​