«Ей, мен в Аманате»: Ринат Зайытовтың сөзі елді күлкіге қарқ қылды

Уақыты: 03.07.2023
Оқылды: 1979
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов белгілі әнге «AMANAT» партиясының атауын қосып, елді күлкіге қарқ қылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Көпшілік ақынға әзіл-шыны аралас видеодағы әні үшін дән риза болған.

Ринат Зайытовты Мәжіліс отырысынан соң, тілшілер қаумалап, жібермей қойған. Сол сәтті пайдаланған ақын: «Ей, мен в Аманате, ей, сен в Аманате» деген танымал әнді орындап, елді күлкіге қалдырған.

Көпшілік трендтен қалмаған айтыскер ақынға шынайы ризашылықтарын білдіріп жатыр.

«Көңілім бір көтеріліп қалды ғой, жарайсыз», «Қатырыпты, жақсы жарасады», «Ринат мырза, айтыстағыдай нақты айтыпсыз», – деп жазды олар.

Материал BAQ.KZ сайтынан алынды.
Фото: ашық дереккөзден