Тұрлыхановтың қашып кеткен ұлы әскери бөлімге қайтып келді

Уақыты: 04.07.2023
Оқылды: 599
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың қашып кеткен ұлы әскери бөлімге қайтып келді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

"2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.