Жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Уақыты: 04.07.2023
Оқылды: 756
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданында «Lexus ES 300» автокөлігінің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жапондық шетелдік көлікті 34 жастағы ер адам басқарған, ол «Алматы-Өскемен» тас жолының 177 шақырымында жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды.

Қаза тапқан адам Көксу ауданының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның елсіз далада түнгі трассада жүру себебін қазір полицейлер анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындала отырып, тергеу амалдары басталды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды.