Кербұлақ ауданында жолды тағы да су шайып кетті

Уақыты: 09.07.2023
Оқылды: 845
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыбастау ауылының маңында жолды су шайып кетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Аталмыш оқиғаға қатысты бейнежазба инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланды.

Онда жолды су шайып, көліктердің айналып өтіп жатқанын көруге болады.

Оқырмандар жазбаға "Сарыбастауда 20 жыл бұрын осылай таудың төменгі жағындағы арықтан су ағатын. Көшелерде де болатын. Есімде жақсы қалған…", "Жемқорлықтың нәтижесі" деген пікірлер қалдырған.

Естреңізге салайық, осыған дейін "Малайсары станциясына жол салу кезінде өрескел заң бұзушылық жасалған" деген материал жариялағанбыз. Қар суының шаюы салдарынан Малайсары станциясына қарай автомобиль жолы жартылай бұзылып, жарамсыз болып қалған еді.

Фото: бейнежазбадан алынды