Төтенше жағдайлар департаменті Кербұлақ ауданындағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Уақыты: 10.07.2023
Оқылды: 716
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданында қатты жауын көпірді шайып кетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

9 шілде сағат 19:41-де Жетісу облысы Кербұлақ ауданында облыстық маңызы бар «Қарашоқы – Сарыөзек» автожолында жауын-шашынның мол түсуі салдарынан ағын пайда болды. Ол табиғи қуыс бойынша жоғарыда аталған автожолға тіреліп, алдын ала ақпарат бойынша 2 жерде орнатылған құбырлы өткелдерді шайған (диаметрі 0,75 құбырлы өткелдер су көлеміне төтеп бере алмаған), - деп жазылған Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір жаңбыр тоқтап, су деңгейі төмендеді.

Оқиға орнында жергілікті атқарушы органдардың, полицияның, төтенше жағдайлар органдарының күштері мен құралдары жұмыс атқарып жатыр. Айналма жол бар. Полиция қызметкерлері қауіпсіздік бекеттерін қойды.

Тағы оқыңыз: Кербұлақ ауданында жолды тағы да су шайып кетті.

Фото: Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі