"70 миллион қолданушы": Жаңа желідегі белсенділік көпшіліктің назарын аудартты

Уақыты: 10.07.2023
Оқылды: 412
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жаңа Threads әлеуметтік желісіне аз уақыт ішінде 70 миллионнан аса қолданушы тіркелген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Бұл туралы Meta компаниясының директоры Марк Цукерберг айтты.

"Бүгінгі таңертеңгі жағдай бойынша Threads-те 70 миллион жазылушы. Біздің күткенімізден әлдеқайда асып түсті", - деді ол парақшасында екі күн бұрын.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде шағын посттар жазуға, оларға пікір білдіруге, лайк басуға және репост жасауға болады. Қолданба Instagram-ға негізделген және қолданушыларға бұрынғы парақшасы арқылы қосылуға мүмкіндік береді.