Мұғалім мектеп ауласында өзіне қол жұмсады

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 2384
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қырғызстанда мұғалім мектеп ауласында өзіне қол жұмсады. Бұл ақпаратты Бішкектегі Октябрь ауданының ішкі істер басқармасы өкілдері растады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

24.kg агенттігі жариялаған ақпаратта 5 шілдеде Бішкектегі №17 мектеп-гимназиясының ауласынан хореография пәнінің мұғалімі болған ер адам өлі табылғаны айтылады.

ІІБ өкілдерінің айтуынша, ер адам мектептің кіреберісінде өз-өзіне қол жұмсаған.

«37 жастағы А.Е-нің денесін қарау кезінде жарақаттар табылмады. Бұл дерек Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының ақпараттық реестріне тіркеліп, тергеуалды тексеру басталды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Фото: ашық дереккөзден