Сақтаныңыз. Қауіпті ыстық келді

Уақыты: 26.07.2023
Оқылды: 668
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет ел аймақтарында 26 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстік-батыста тұман болады.

«Күндіз Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жетісу, Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-42°С қатты ыстық болуы ықтимал. Сонымен қатар, күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық - 42°С, Түркістан облысының батысында аптап, шөлді аудандарында 45°С-қа дейін жетеді. Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында 40-42°С болады.  », - деп жазды синоптиктер.

Мамандар осы аралықта көптеген өңірлерде өрт қауіпі жоғары екенін ескертеді. Сақ болыңыз!

Фото: ашық дереккөзден