Бүгін қай қалаларда ауа сапасы нашарлайтыны айтылды

Уақыты: 03.08.2023
Оқылды: 371
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елдегі ресми ұйым 3 тамыз күні Қазақстан қалаларында қалыптасатын ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

«Қазгидромет» РМК  мәліметінше, Бейсенбіде Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған. Аталған қалалардан басқа аймақтарда ауа сапасы қалыпты болады.

Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Фото: көрнекілікке алынды