Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу қиындады

Уақыты: 09.08.2023
Оқылды: 945
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі барынша қиындай түспек. Оған себеп, заң талабының барынша қатаңдатылғаны.

Информбюро хабарлағандай, куәлік алғысы келетін кандидат электрондық үкімет порталы арқылы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, емтиханнан жарты жылға шеттетіледі. 

Сондай-ақ, үміткер бірінші жолы теориялық не тәжірибелік сынақтан сүрінсе, емтиханды келесі күні келіп тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал екінші мәрте де жолы болмаса, бір айдан кейін білімін қайта сынай алады.

Бірақ тәжірибелік сынақтан үшінші рет өтпесе, теориялық тест нәтижесінің күші жойылады. Сосын тек екі айдан соң ғана қайта келуге рұқсат. Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес теориялық емтихан өтетін сыныптар арнайы қондырғылар және бейнебақылау камераларымен жабдықталады.

Фото: көрнекілікке алынды