Хакерлер "Күнделік" жүйесінен 4 миллион оқушының жеке мәліметін таратқан

Уақыты: 14.09.2023
Оқылды: 491
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Электронды қызмет көрсетететін бірнеше отандық компания мәлімет жинау мен сақтаудан олқылық жіберген. Соның салдарынан ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланған хакерлер «Күнделікке» күнделікті ұлттық дәстүрге жат, сананы улайтын видеолар жүктеуде, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы  КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Арасында букмекерлік ойындарға үгіттейтін, одан қалса жалаңаштанған видеолар да самсап тұр дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров. Сондықтан Бас прокуратурадан жыл сайын оқу-ағарту министрлігінің есебінен 800 млн теңге бөлінетін электронды жүйені шұғыл тексеруді сұрап отыр.

 - Сыртқы монополияның күшімен Қазақстанның барлық балалары, мұғалімдері мен атааналары мемлекет пайдалануға міндеттеген «Күнделіктен» күнделікті жағымсыз жарнама көруге мәжбүр. Соның ішінде этика мен ұлттық дәстүрге жат, сананы улайтын, жалаңаштанған, нәпсі мен ойынның жарнамасы көп, - дейді  Мәжіліс депутаты.