Жетісу облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілер қамауға алынды

Уақыты: 15.09.2023
Оқылды: 421
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілер қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл фактілер Алакөл және Ескелді аудандарында тіркелді. Бірінші жағдайда патрульдік полиция қызметкерлері аудан орталығы Үшарал қаласында мотоциклді масаң күйде жүргізген Ақжар ауылының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам бірнеше жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Сол күні Ескелді ауданында алкогольдік мас күйінде Volkswagen Vento автокөлігінің жүргізушісі ұсталды. Шетелдік көлікті бұрын осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін жүргізу құқығынан айырылған 33 жастағы Бөктерлі ауылының тұрғыны басқарған. Құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін ауыл тұрғындары ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық жазаға тартылады. Ұсталған адамдар қамауға алынды.

Биыл облыстың автожолдарында алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқарған 355 жүргізуші ұсталды. Мас жүргізушілердің кесірінен 11 жол апатында бір адам қаза тауып, 13 адам түрлі жарақат алды.